18.06.2026, 17:30
Оқылды: 10

Казталов ауданы жұртшылығы Сағит Садықов рухына тағзым етті 

Бүгін Казталов ауылында Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, композитор, ақын-сазгер Сағит Бөкеұлы Садықовтың туғанына 100 жыл толуына орай аудан жұртшылығы Сағит Бөкеұлының кеуде тұғырына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. 

image-18-06-26-01-38-2

Тағзым ету шарасына облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Медхат Қамбетов, аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев, Сағит Садықов ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиналған қауым қазақ өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды. Рәсім барысында Сағит Садықов пен қазақ сахнасының саңлағы Хадиша Бөкееваның кеуде тұғырларына гүл шоқтары қойылды. Қатысушылар қос тұлғаның ел мәдениеті мен руханиятына сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.

image-18-06-26-01-38-1

Содан соң жұртшылық мәдениет үйінің фойесінде ұйымдастырылған Сағит Садықовтың өмірі мен шығармашылығына арналған көрмені тамашалады.

 

Бекарыс Әбіш,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале