19.06.2026, 9:15
Оқылды: 22

Тасқалада мектеп түлектеріне «Алтын белгі» мен үздік аттестаттар табысталды

Тасқала ауданы әкімдігінің  мәжіліс залында «Алтын белгі» иегерлерін  марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Тасқала ауданының әкімі Талғат Шакиров, аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Касимова, білім саласының ардагерлері, түлектер және ата-аналары қатысты.

алтын белгі (1) (1)

Шараның негізгі бөлігінде аудан әкімі Талғат Асқарұлы сөз сөйлеп, мектеп бітірушілерді жетістіктерімен құттықтады. Ол үздік білім көрсеткіштеріне қол жеткізген түлектердің табандылығы мен ұстаздар еңбегін ерекше атап өтіп, жастарға болашақта да биік белестерді бағындыруға тілектестік білдірді.

Салтанатты рәсім барысында «Алтын белгі» иегерлеріне арнайы төсбелгілер мен марапаттар табысталды. Сонымен қатар, балаларын тәрбиелеп, олардың әр жетістігіне қолдау көрсеткен ата-аналарға да алғыс айтылды.

Бұл күн – түлектердің көп жылғы еңбегі мен ізденісінің жемісі. «Алтын белгі» иегерлері ауданның ғана емес, елдің де болашағына үлес қосатын білімді жастар ретінде үлкен сенімге ие болды. Айта кетейік, биылғы оқу жылында аудан бойынша 137 оқушы 11-сыныпты тәмамдаса,  олардың ішінде 6 түлек «Алтын белгі» иегері атанды. Ал,  20 оқушы үздік аттестатқа ие болды. Салтанатты шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жас түлектерге жаңа өмір жолында шабыт пен жігер берді.

Бекжан Өтемісов

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале