19.06.2026, 10:30
Оқылды: 13

БҚО ПД-да балаларға ашық есік күні ұйымдастырылды

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жазғы сауықтыру лагерлерінде демалып жатқан балалар және жоғары сынып оқушылары үшін ашық есік күнін өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

IMG_9153

Сурет: polisia.kz

Іс-шара барысында қонақтар Кинологиялық қызмет орталығында болып, полиция кинологтарының және олардың төрт аяқты көмекшілерінің қызметімен танысты. Сондай-ақ қатысушылар үшін полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысында пайдаланылатын арнайы техника мен жабдықтардың көрмесі ұйымдастырылды. Қызметтік иттердің жұмысын көрсету балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.

IMG_9152

Сурет: polisia.kz

Кинологтар иттердің қылмыскерлердің ізіне түсуі, іздестіру шараларына қатысуы және тыйым салынған заттарды анықтауы қалай жүзеге асатынын көрсетті. Сонымен қатар криминалистикалық қызметтің мамандары өз жұмыстары туралы айтып, қылмыстарды ашудың заманауи әдістерін таныстырды. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, ішкі істер органдарына деген сенімді нығайтуға және полиция қызметі мамандығын насихаттауға бағытталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале