19.06.2026, 15:25
Оқылды: 20

«Балдырғанда» бақ ашылды

Сырым аудандық «Балдырған» балабақшасында «Жайқалсын балалықтың бағы» шара өтіп, онда балабақша бағы ашылды. Бақтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбылов, балабақша ардагерлері қатысты. Бақтың лентасы қиылып, ондағы гүлдер мен жеміс ағаштарын «Балдырған» балабақшасының меңгерушісі Венера Тулекова таныстырды. Бұл бақ болашақта балдырғандардың демалыс және оқу алаңына айналмақ. Басшылар балабақша тынысымен, креативке толы ауласымен танысып, Венера Мұратқызының болашақтағы жоспарларына қанықты. Серік Тоқмамбетов Әкежан Жамбыловқа «Балдырған» балабақшасына ауданның білім беру ұйымдарын жинап, шара ұйымдастыруды тапсырды.

Балдырғанда бақ ашылды (1)

Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов, «Балдырған» балабақшасында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер тәрбиеші Нұрлы Ұзақбайқызы құттықтау сөз сөйледі. Одан кейін шара бүлдіршіндердің мерекелік концертіне ұласып, ән әуелеп, әдемі ырғақты билер қонақтарға ұсынылды.

Балдырғанда бақ ашылды (4)

«Мектепке дейінгі ұйымға арналған үздік дамытушы бағдарлама» республикалық байқауында жоғары нәтиже көрсеткен Жандос Меңдешұлы «Aibarys» мектепке дейінгі жаста  еңбекке баулу мен мен экологиялық мәтдениетті қалыптастырудағы робототехника және ЖИ мүмкіндіктері» тақырыбындағы іс-тәжірибесімен бөлісті.

Экологияны қорғау мақсатында тұрмыстық қалдықтарды өнер туындысына айналдырған бүлдіршіндер анасымен бірге жасаған сәнді көйлектер мен киімдерін ұсынды. Сәнгерлер шеруін «Үздік жасыл мектеп және жасыл балабақша» байқауының «Eсo Trend Болашақ сәні» аталымының облыстық кезеңі бойынша жеңімпазы Орынбасар Гамзат бастады.

Балдырғанда бақ ашылды (3)

Әр топтың ата-аналары мен бүлдіршіндері бөлме гүлдерін отырғызып, еңбек пен табиғатқа деген сүйіспеншіліктің үлгісін көрсетті.

Балабақша ауласына құрылған ақшаңқан киіз үйде қолөнер көрмесі мен ата-аналардың дайындап әкелген түрлі тәтті-дәмділерінен жәрмеңке ұйымдастырылды.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале