19.06.2026, 15:50
Оқылды: 13

Көпбейінді ауруханадан күтеріміз көп

Медицина мамандарының мерекесі қарсаңында аудан ауруханасының бүгінгі әлеуетімен яғни , жалпы жаңалықтарымен көпшілікті таныстыруды жөн көрдік. Аудан тұрғындары сырқаттанған жағдайда, әрине  жергілікті аудандық ауруханаға барады. Мұндайда мамандар қолдан келген көмегін аямайды.

 PHOTO-2026-06-12-10-43-12

Аудандық аурухананың директоры Алтынай Баймұратованың айтуын­ша,  аудан бойынша 48969 адам тіркеуде тұр.Оның ішінде бір жасақа дейінгі балалар саны – 551, бес жасқа дейінгі балалар саны – 3627, 14 жасқа дейінгі балалар саны – 12385, жасөспірімдер саны – 2142, ересектер саны – 34097.

"Бөрлі аудандық ауруханасы" амбулаториялық-емханалық көмек және стационарлық көмек көрсетеді. Ал емхана -төрт блоктан, үш қабаттан тұрады. Онда КДО (Консультативті диогностикалық бөлім), 3 Отбасылық денсаулық орталығы, 4 дәрігерлік амбулатория, 6 ФАП (Фельдшерлік акушерлік бөлім),12 МП (Медициналық пункт) бар.

- Емханадағы жыл сайын жүргізілетін ең ауқымды мәселе ол скринигтік бағдарламалар. Скринингтік жүйедегі инновациялар, асқынулардың санын азайтуға және мүгедектікке немесе өлімге әкелетін аурулардың алдын алуға бағытталған. Халықты қамту кеңейтілді, диагностика процедуралары қол жетімді және тиімді болды. Осы жылдан бастап емханада церебровоскулярлық ауруларды алдын алу мақсатында скринингтің жаңа түрі енгізілді. Онда 50-70 жас аралығындағы ер адамдарға арналған брахиоцефалиялық артериялардың ультрадыбыстық доплерографиясы (Udd BCA). Бұл скрининг екі жылда бір рет жүргізілетін болады және инсульт қаупін және ми қан айналымының басқа да бұзылыстарын ерте кезеңдерде анықтауға мүмкіндік береді.Бүгінде скринингтің 8 түрін тегін алуға болады,- дейді бас дәрігер.

Сонымен қоса ауылдық жерлерде де, атап айтқанда, Қарағанды (ФАП), Ақсу (МП), Жаңақоныс (МП), Облав (МП), Қарақұдық (МП), Ақбұлақ (ФАП) ауылдарында "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасына сәйкес құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілген. 2023-2024 жылдары жергілікті атқарушы органдармен 10 санитарлық машина сатып алынып, Достық, Бөрлі, Пугачев, Жарсуат, 2024 жылы Ақсу, Қарағанды, Кеңтүбек, Успен, Бумакөл, Приурал ауылдары қамтамасыз етілген.

PHOTO-2026-06-12-10-44-10

Көпбейінді ауданаралық аурухана болмақ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасына сәйкес, аудан ауруханасы көпбейінді ауданаралық орталық аурухана  болмақ. Бүгінде құрылысчы қарқынды жүріп жатқан жаңа ғимаратта 154 төсекке тиісті бөлімшелерді ашу, медициналық жабдықтармен жарақтандыру үшін ғимараттарды (негізгі ғимаратқа қосымша) реконструкциялау жолымен жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта Бөрлі ауданаралық ауруханасы 102415 адамға қызмет көрсететін болады. Нақтырақ айтсақ, өз ауданымызбен қоса, Шыңғырлау , Сырым, Қаратөбе аудандарына да көмек көрсетілетін болады.

медицина ЖП Бөрлі

- Ауданаралық көпбейінді ауруханада алдағы уақытта, хирургиялық, травматологиялық, лапароскопиялық операциялар орындалады, сараптамалық КТ, УДЗ, ЭхоКГ аппараттарында тексерулер жүргізіледі. Жоғары технологиялық медициналық жабдықтар яғни олар ангиографиялық жүйе және магнитті-резонанстық томография орнатылатын болады. Бұдан әрі цереброваскулярлық ауруларды алдан алу мақсатындағы скрининг және қант диабетінен болатын сырқаттанушылық пен асқынуларды алдын алу мақсатында, церебральды ангиографияны жүргізу үшін ангиографты пайдалану жоспарланып отыр»,- деді аурухана директоры.

медицина ЖП Бөрлі

Кадр тапшылығы да жоқ емес

Қазіргі уақытта аудандық ауруханасы бойынша қызметкерлер саны – 551. Аудандағы кадр тапшылығын және құрылыс жұмыстары жүріп жатқан көпбейінді орталық ауданаралық аурухана (МЦРБ) бойынша қажеттілікті жою мақсатында 2026 жылғы резидентура мен интернатура түлектерімен кездесу жұмыстары жүргізілген. Оның нәтижесінде ауданымызға 25 жас дәрігер шақырту алған. Сондай-ақ 20 орта буын қызметкерлері келеді деп күтілуде.

Ақ халаттағы мейірім

Бүгінгі таңда аудан медицинасында, адам жанының арашасы болып қызмет жасап жүрген ақ халаттылардың қай- қайсысының да еңбектері өлшеусіз. Солардың бірі - балалар бөлімшесінің педиатр дәрігері және перзентхана бөлімшесінің неонатолог, жоғары санатты  дәрігері - Есет Пірімбетов. 2016 жылдан бері аудандық емханада қызмет етіп келе жатқан Есет Шапағатұлы- Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің «Педиатрия» мамандығы бойынша аяқтап, аталған мамандығы бойынша интернатурадан өткен.

Есет

«Есет Шапағатұлы өте білікті педиатр – неонатолог дәрігер. Ол жұмысын жауапкершілікпен атқарып, өзін жұмыс барысында іскер, білімді, сауатты, тәжірибелі маман ретінде көрсетіп келеді. Ол өз біліктілігін арттыру барысында көп жұмыстанып, әрқашан ізденіс үстінде жүреді. Аудан бойынша неонатология саласындағы жұмысты жоғары деңгейге көтеріп, мерзімінен бұрын туылған сәбилердің аман қалу көрсеткішін көтеруге өз үлесін қосуда. Мінезі ашық, кең пейілді әріптесіміз,  ауруханада және аудан тұрғындарының арасында құрметке ие, тез тіл табыса алатын маман. Жас мамандарға да тәлімгер болып жұмыс барысын үйретуден еш жалыққан емес», - дейді әріптестері зор мақтанышпен.

Есет Шапағатұлы ҚР Денсаулық сақтау министірінен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет Грамотасымен марапатталған. Сондай-ақ,  Ұлттық Медициналық Ассоциациясынан Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен денсаулығын сақтауға сіңірген абыролы еңбегі үшін «Мамандығына адалдығы үшін» төсбелгісінің иегері.

Мұратбек

Үздік тіс дәрігері

Мадреймов Мұратбек – Ақсай қаласындағы облыстық балалар стоматологиялық емханасының  тәжірибелі дәрігері әрі бас дәрігер қызметінде. Ол жоғары білімді Ресей Федерациясының Самара қаласындағы медициналық университетінде алып, «Стоматология» мамандығы бойынша дәрігер біліктілігін иеленген. Оқуын аяқтағаннан кейін еңбек жолын Орал қаласындағы облыстық балалар стоматологиялық емханасында бастаған. Жасы 30-ға енді таяған Мұратбек Әсетұлы - балалар стоматологиясының бірнеше бағытын қатар меңгерген мультидисциплинарлы маман. Ол балаларға терапиялық, стоматологиялық көмек көрсетумен қатар, наркозбен емдеу, стоматологиялық диагностика, рентгенологиялық зерттеулер жүргізу және клиникалық шешім қабылдау бағыттарында жұмыс атқарады. Әр баланың мінез-құлқы мен психологиялық ерекшелігін ескере отырып ол, жеке тәсіл қолдануды да кәсіби қағидам деп санайды. Сондай-ақ ол дәрігерлік қызметпен қатар ғылыми - әдістемелік жұмыстарды да қолға алған. Дәрігердің өз сөзінше, ол балалар стоматологиясына арналған әдістемелік және ақпараттық материалдардың авторы. Сондай-ақ «Білім» журналында, сүт тістерді уақытылы емдеудің маңыздылығы мен стоматологиялық аурулардың алдын алу мәселелерін көтерген.

 

Мұратбек1

Осындай игі бастамаларының нәтижесінде өткен айда Денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін республикалық деңгейде жоғары бағаланған. Атап айтқанда Астанада өткен «Жаңа Қазақстан»  Республикалық иновациялық орталығының ұйымдастыруымен өткен, үздіктерді марапттау  рәсімінде «Денсаулық сақтау саласының үздік маманы» төсбелгісімен марапатталған. «Қазіргі уақытта кәсіби білімімді одан әрі жетілдіру бағытында ізденіп, денсаулық сақтау менеджменті саласы бойынша білім алуға дайындалып жатырмын. Мен үшін дәрігер мамандығы – тек кәсіп емес, қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік. Кәсіби ұстанымым: «Сапа. Қауіпсіздік. Нәтиже», - дейді жас дәрігер.

P/S: Дәрігер өмір бойы оқып, үйренеді, оның әрбір жұмыс күні - бұл біздің денсаулығымызды сақтаумен, адамдарды толыққанды өмір сүруге қайта әкелумен байланысты күрделі міндет.

Сол үшін де, адам жанының арашасы болған ақ халаттылардың еңбегі әрқашан биікте!

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале