19.06.2026, 16:15
Оқылды: 35

Бөрлі ауданы: Адал еңбекті Ақсулық ағайын

Бөрлі ауданына қарасты Ақсу ауылдық округінің құрамында екі елді мекен бар. Олар:  Ақсу, Жанақоныс ауылдары. Округ бойынша халық саны 500-ден асады. Тарихқа жүгінсек, өткен ғасырда Қарашығанақ болысының 9-ыншы ауылы боп бой көтерген елді мекен кейіннен Ақсу ауылы атын алады. Содан бері бұл ауылдың еселі еңбекпен ғана аттары шығып келеді. Жыл сайын ауыл үлкейіп, көркеюде.  Мәселен, 1976 жылдың  1 қаңтарында кеңшарда 4130 бас ірі қара, 10000 бас қой, 180 бас жылқы малы есепте болған  Ауылдың қазіргі басшысы, нақтырақ айтқанда,   Ақсу ауылдық округінің әкімі Руслан Азаматовтан аталмыш ауыл туралы сұқбат құрған едік. 

Руслан Азаматов

- Руслан Нұрболатұлы, қазіргі таңдағы Ақсу ауылының тыныс-тіршілігімен таныстырсаңыз?

- Ақсу селолық округі тәуелсіз Қазақстанның басқа да ауылдары сияқты бүгінгі заманға сай тіршілік кешіп жатыр. Округ аумағында мектеп бөбекжай-балабақша кешені, 2 кітапхана, 2 ауылдық клуб, «Казпочта» бөлімшесі, 2 ауылдық медициналық пункт жұмыс жасайды.

Ақсу (4)

Сонымен бірге округте 2 азық-түлік дүкені, 1 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі (АШӨК), 22 жеке қожалық (ЖҚ), 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС), 2 жеке кәсіпкерлік  өз жұмыстарын жүргізіп, халыққа қызмет көрсетуде. Ауыл тұрғындары еңбекқорлықтарымен бірге қазіргі заман ағымына жақсы бейімделген.

Ақсу (5)

Жерлестеріміз А.Жумакаев, Б.Курманбаев 2 340 000 тг көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант ұтып алып,  ені 7,2 м, ұзындығы   40 м,   280-ден 320 шаршы метрге дейін жылыжай салып, дәнді дақылдар өсіруде. Көлемі орташа жобалық сыйымдылығы 1,  жылыжайдың өнімділігі ашық жерде 1 га дан жоғары. Округ бюджеті туралы айтсам, биылғы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша округ бюджеті 21,9 млн.теңгені құрады. Салық төлеушілерімен жыл басынан бері бюджетке 4,3 млн.теңге салықтық және салықтық емес төлемдер төленді.

- Бюджеттен бөлінген қаражаттың ауыл тұрғындарының игілігіне жұмсалатыны белгілі. Десе де осы қаражаттың қалай игеріліп жатқанын білгіміз келген. Яғни, атқарылған жұмыстарды нақтылай кетсеңіз?

- Ағымдағы жылы округте қаражатты игеру мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылды. Ақсу, Жаңақоныс ауылдары көшелерін қыс кезінде қардан тазалау және жаз мезгілінде тегістеу жұмыстарын жүргізу үшін 2024-2026 жылға «Қара Мөңке» шаруа қожалығы жұмыстарды ұтып алды. Қазіргі таңда 2024 - 2025 жылдар аралығында 6,4 млн қаражат игерілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 2,1 млн теңгеге қосымша келісім-шарт жасалды. Ақсу, Жаңақоныс ауылдарының су өткізу жолдарын және қарды шығару жұмыстарына 2,2 млн теңге келсім-шарт жасалып, 6000 м3 сулы қар шығарылды. Ақсу, Жанақоныс ауылдарының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында түю жұмыстары жүргізілді.

Ақсу (1)

- Су жолдары демекші, Ақсу ауылы осыдан бірнеше жыл бұрын болған су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың бірі. Су тасқынының алдын алу жұмыстарынан да ақпарат бере кетсеңіз?

- Көктемгі су тасқынына дайындық, қауіпсіз өткізу және ықтимал шығындарды азайту мәселесін қарау бойынша ауылдық округте төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның құрылып отырысы ұйымдастырылды. Уақытша бөгеттерді тұрғызу үшін қаптардың, құрал-саймандардың, инертті материалдардың (құм,топырақ және т.б), мотопомпа, электрогенератор, инертті материалдар қоры, қапшық қоры, эвакуациялық пунктер, техникалар және ауылдық округ аумағындағы күштер мен құралдардың дайындықтары тексерілді. Тексеру барысында округте 600 қап құм, 4 мотопомпа (МП-100), 3 электрогенератор, Жанар – жағар май – 500 литр (ДТ-300л, бензин АИ-92-200л) инженерлік техника – 4, МТЗ-82, - «Қара Мөңке» ШК, басшысы Курманбаев Б.,Погрузчик – «Уразгалиев» ШҚ басшысы Уразгалиев М.,Эвакуацияға тартылатын техника – 4,Өрт сөндіру техникасы 163 AU 07, ,Соболь 921 АО 07, Кобальт жеңіл авто көлігі 945 АТ 07дайындалды. Сонымен-қатар, Шыңғырлау өзенінде қамыс кесу және мұзды тесу жұмыстары жүргізіліп, 2527 саңылау тесілді.

Ақсу (2)

- Қалай айтқанда да ауылдың негізгі айналысатын кәсібі –ауыл шаруашылығы ғой. Бүгінгі Ақсу ауылдық округі осы бағыттағы жұмыстарды қалай өрбітіп отыр?

- Бүгінде округімізде ауылшаруашылық бағытында 26 шаруа қожалықтары, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және 1 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтері тіркеуде бар. 2026 жылдың І-жарты жылдығы бойынша округте ірі қара 2506 бас, жылқы 837 бас, ұсақ мал 1353 бас, құстар 712басты құрап отыр. Көктемгі далалық жұмыстардың нәтижесінде «Достық-Қоныс» ЖШС315 га.- судан шөбі, 325 га. -арпа, 253 га- сұлы, «Салтанат» ШҚ 100 га- суданка, «Таженов» ШҚ» 200 га- қарабидай, 50 га. –бидай, 50 га. - арпа, 30 га. - сұлы, 100 га. жерге – судан шөбін, «Туртбаев А.Г.»  ШҚ  20 га. - сафлор, 30 га - судан шөбі, «Уразгалиев» ШҚ 200 га жерге бидай және сафлор, «Щербаков» ШҚ 250 га.- арпа, 600 га.- бидай, 200 га-еркекшөп (житняк) өнімдерін екті. Ауыл шаруашылығы жұмыстарының өркен жаюына  «Ауыл аманаты» бағдарламасының да көп көмегі тиіп отырғанын айта кетейін. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында іске асырылып отырған «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша «Aqjaiyq» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан 2024 жылы «Алға» АШӨК-ні 27,6 млн. теңгеге 26 бас асыл тұқымды семментал тұқымды ірі қара малын алса, 2025 жылы Жанақоныс ауылының тұрғыны Даулетьяр Байгабулов арнайы техникаға 6,3 млн теңге несие алды. Қазіргі таңда сүтті мал бағыты және құс шаруашылығымен айналысу мақсатында «Aqjaiyq» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан несие алуға екі ауыл тұрғыны құжаттарын жинауда (Сүтті мал бағыты - Бошатаева Фарида, құс өсіру бағыты - Подгузова Светлана)Жыл басынан «Исенгазиев» ШҚ 6,9 млн теңгеге айналмалы шөп шапқыш (роторная косилка), 2,3 млн теңгеге дискілі шөп шапқыш, «Қарамөңке» ШҚ 12 млн теңгеге Беларусь 892.2 тракторын 2,8 млн теңгеге дискілі шөп шапқышты өз қаражаттарына сатып алды.

- Көкөніс өсірумен айналысатын «BatysAgroHub» жобасымен жұмыс жасап жатқан ауылдардың бірісіз. Осы бағыттағы жұмыстармен таныстыра кетсеңіз?

- Аудан әкімі Еркебұлан Ихсановтың қолдауымен 2024 жылдан ауданда  бастау алған,  ауылшаруашылық бағытындағы кәсіпкерлік және жылы-жайда көкөніс өсіруге бағытталған «BatysAgroHub» жобасына округте жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде қатысуға ниет білдірген жастар қатары өсуде. Қазіргі таңдаАқсу ауылында үш жылы-жай салынса (Жумакаев Алтынбек - қияр, Курманбаев Байжан - қияр , Мамбеткулов Эльдар - құлпынай), «BatysAgroHub» жобасының 2027 жылғы легіне қатысуға әзірге 3 жас ниет білдіруде. Аттары аталғандар тәжірибе алмасу мақсатында Бөрлі ауылында болып “Ауыл аманаты” бағдарламасының қатысушысы Светлана Гапотченконың жылы-жайының жұмыстарымен танысты.Жақын күндері жобаға қатысушы грант игегерлері және ниет білдірушілердің басын біріктіріп Орал қаласы, Зашаған кентінде орналасқан жылы-жай кешеніне  тәжірибе алмасу мақсатында барып келмекшіміз. Сондай-ақ, Ақсу ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ауыл жастарына ұжымдық бақшаға 3 га. жер телімі берілген болатын. Қазіргі кезде бақшада аскөк (укроп), қарбыз, қауын, асқабақ, қияр,қызанақ егілді.

Ақсу (3)

- Ауылда шешімін күткен көкейтесті мәселелер де бар шығар? Соларды да білсек.

- Шешімін күткен мәселелер де жоқ емес. Соның ішінде ауыл тұрғындары үшін ең маңыздысы Ақсу, Жаңақоныс ауылдарының электр желілерін жөндеу. Сонымен бірге Жаңақоныс ауылының кіре беріс жолын жөндеу жұмыстары. Бұл жұмыстардың оң шешімін табуына аудан басшыларының қолдауымен бар күшімді салатын боламыз.

- Әңгімеңізге рахмет! Ақсу аукылдық округ тұрғындарының еңбектеріне береке, табыс тілейміз!

Сұхбаттасқан Дариға Нұрашова

Бөрлі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале