19.06.2026, 21:30
Оқылды: 77

Халық ойындары аяқталды: БҚО құрамасы төртінші орында

Түркістан қаласында өткен VIII Халық ойындары мәресіне жетті.

InShot_20260619_214211669

Фото: Бекзат Қанәділ

Еліміздің барлық өңірінен жиналған спортшылар бірнеше күн бойы өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының құрамасы жалпыкомандалық есепте төртінші орынға тұрақтады.

InShot_20260619_214107413

​Өңір спортшылары шахмат пен қазақ күресінен алтын медаль иеленіп, чемпион атанды. Үстел теннисінің шеберлері үздік үштіктен көрінсе, баскетболшы қыздар қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ волейбол, баскетбол (ерлер), гір спорты және қол күресі түрлерінен қатысқан облыс құрамасының мүшелері де жоғары дайындықтарын көрсетті.

IMG-20260619-WA0876

IMG-20260619-WA0877

​Келесі Халық ойындары Қарағанды қаласында өтеді.

IMG-20260619-WA0879

Бекзат Қанәділ, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале