Жалпақтал ауылындағы №2 Қазталов аудандық ауруханасының еңбек ұжымы Медицина қызметкерлері күніне орай мекеме ғимаратының алдында салтанатты жиын өткізді.

Мерекелік шарада Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев сөз алып, жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтап, үздік медицина қызметкерлерін марапаттады.

Сонымен қатар №2 аудандық аурухананың директоры Надежда Васильева мен кәсіподақ комитетінің төрайымы Нұргүл Қадерова да сала мамандарына түрлі дәрежедегі алғысхаттар табыс етті.

Медицина қызметкерлерінің өз күштерімен ұйымдастырылған салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасып, естелік суретке түсумен аяқталды. Ауыл тұрғындары да ақ халатты абзал жандарды төл мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне сәттілік тіледі.
Қыдыр Харесұлы,
Қазталов ауданы