20.06.2026, 20:00
Оқылды: 6

Мемлекеттік қызметшілер мен тәртіп сақшылары спортта күш сынасты

«Орда» спорт кешенінде мемлекеттік қызметшілер мен полиция күніне орай дәстүрлі спартакиада ұйымдастырылды.

FB_IMG_1781878521105

Салауатты өмір салтын насихаттау және құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды мақсат еткен бұл шараға 5 команда қатысты. Атап айтқанда, аудан әкімдігінің әлеуметтік және шаруашылық салалары, ауылдық округтер, аудандық полиция бөлімі және әлеуметтік қызметкерлер командалары бақ сынасты.

FB_IMG_1781878532567

Спартакиаданың ашылу салтанатында аудан әкімі аппаратының басшысы Асқар Ажғалиев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Командалар садақ ату, кермеге тартылу, пневматикалық мылтықтан ату, арқан тартыс және эстафета сынды спорт түрлерінен сынға түсті.

FB_IMG_1781878542810 FB_IMG_1781878555511 FB_IMG_1781878561116

Тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша бас жүлдені (І орын) аудандық полиция бөлімінің командасы жеңіп алды. ІІ орынды аудан әкімдігінің әлеуметтік сала командасы иеленсе, ІІІ орын әлеуметтік қызметкерлер командасына бұйырды. Жарыс соңында үздік нәтиже көрсеткен ұжымдар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

FB_IMG_1781878572346

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале