Батыс Қазақстан облысында отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған «Әулеттің алтын діңгегі» атты жас келіндер байқауы өтті.

Осы додада Шыңғырлау ауданының намысын Ақсуат ауылының келіні Еркежан Егізова қорғап, ұйымдастырушылардың алғысхатымен марапатталды.
Еркежан өзінің ибалығы мен өнерін танытып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Еркежан Нұркенқызы Қазталов ауданының Қараоба ауылында дүниеге келген. Ол 2021 жылдан бері Ақсуат медициналық пунктінде медбике болып еңбек етеді. Кәсіби қызметімен қатар қоғамдық істерге белсене араласатын кейіпкеріміз бүгінде екі ұл, екі қыз өсіріп отырған аяулы ана.
Кәсібі мен отбасылық тәрбиені тең ұстаған Еркежанның бұл жетістігі — аудан жастары үшін жақсы үлгі.
Светлана Ешмат,
Шыңғырлау ауданы