23.06.2026, 13:00
Оқылды: 7

Бұландықтар аудандық басылымға белсенді жазылуда

Сырым ауданы, Бұлан ауылдық округінің әкімі Айдарбек Көлбаев былтыр мамырда тұрғындардың 80 пайызының дауысын алып, округ әкімі болып сайланды. 

8f9a994f-c045-4e99-96b8-2e4f98afb53f

Бұған дейін ауылдық клубты басқарған ол сайлау болады дегенде өзі үшін де, ауылы үшін де игілікті шешімді қабылдады.

Айдарбек Көлбаевтың шығармашылық жолы да жемісті. Оның опера әншілеріне тән кең диапазонды дауысын тыңдаған адам ән аспанында қалықтайды. Қайбір жылы Айдарбек Ресей Федерациясы, Орынбор қаласында өткен “На Николаевской” шығармашыл жастар фестивалінде ән шырқағанда, оның контретенор үніне музыка мамандары ерекше таңданыс білдірген.

Бұл күні Айдарбектің ән салатын уақыты жоқ. Әкімдіктің жұмысы бастан асады.

Бұлан ауылдық округі биыл  мерзімді баспа беттеріне жазылу жағынан жарқырай көрінуде . Әсіресе, “Сырым елі” газетін қолдауда округтегі мемқызметшілер, педагогтер, дәрігерлер, спортшылар, ветеринарлар және шаруалар өте белсенді.

Округ әкімі Айдарбектің өзі жеке қаражатынан ауылдағы мерейтой иелерін, ардагер ұстаздарды, жалпы саны 40-қа жуық оқырманды аудан айнасына жаздырыпты.

Фархадтың ұлы қазақ тілді басылымды қолдау - қазақ тілін қолдау деп санайды.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале