23.06.2026, 17:35
Оқылды: 12

"Мемлекет мүддесі жолында"

Дәл осы тақырыпта Бөкей ордасы ауданында бір емес бірнеше кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиын өтті.

730196924_1537989611254101_3126222506760532800_n

Таратып айтсақ, 23 маусым - мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерінің, 24 маусым - судья және сот саласы қызметкерлерінің кәсіби мейрамы.

Салтанатты жиын әдеттегідей, көк байрағымыздың кіргізілуімен, Мемлекеттік гимнмен басталған мерекелік шара аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың құттықтау сөзімен басталды.

- Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен жоғары кәсібилікті талап ететін абыройлы міндет. Осы жауапты қызметті абыроймен атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілер, полиция қызметкерлері мен сот саласының мамандарын бүгінгі мейраммен құттықтаймын. Бастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін, - деді өз сөзінде аудан басшысы.

730259073_1537990397920689_6568549958394477442_n

Бұдан соң аудан әкімі Нұрлыбек Даумов мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуына, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуына қызмет етіп жүрген кәсіби мереке иелерін облыс әкімі Н.Төреғалиевтің атынан және өз атынан марапаттады.

730530298_1537990577920671_4221710442970951134_n

Құттықтауды аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева жалғастырып, аудан прокуроры Жұмабай Ермеков, аудандық полиция бөлімінің бастығы Бақберген Молдағалиевпен бірге мемлекетіміздің гүлденуі, қоғамымыздың тыныштығы мен бейбіт те әділетті өмірімізді қамтамасыз ету жолында еселі еңбек етіп жүрген қызметкерлерді марапаттады.

Мемлекеттік қызметке жаңадан кірген жас мамандар салтанатты түрде ант қабылдап, салтанатты жиын мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері, аудандық демалыс орталығы көркемөнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама ұласты.

729364579_1537990351254027_2572533683941306409_n

Бұл концерттік бағдарламаның басқа концерттерден өзгешелігі сол, шенділеріміз де, әкімдеріміз бен мемлекеттік қызметкерлеріміз ән салып, би биледі, мәдениет қызметкерлерімен тамаша дуэт те құрды.

 

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале