
«Таза Қазақстан» сервисі
Абаттандыру мәселелері туралы енді тез әрі кезексіз хабарлауға болады:
Telegram — TazaQazBot
eGov Mobile → «Таза Қазақстан» бөлімі
Қандай мәселелерді жолдауға болады:
Рұқсатсыз қоқыс орындары
Тұрмыстық қатты қалдықтарды уақытында шығармау
Көше жарығының істен шығуы
Жол жабындысының бұзылуы
Санитарлық жағдайдың нашарлығы
Өтініш беру тәртібі:
Мәселені фотоға түсіріңіз
Нақты мекенжайды немесе геолокацияны көрсетіңіз
Қысқаша сипаттама жазыңыз, Өтінішті жіберіңіз
Қалай жұмыс істейді:
Сіздің өтінішіңіз автоматты түрде жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
Жауапты қызметтер мәселені жойып, орындалуы туралы фотоесеп ұсынады.
Қазақстан бойынша 45 000-нан астам өтініш қаралып, орындалды.
Таза әрі жайлы қала — бәрімізге ортақ іс
TazaQazBot Telegram желісінде қолжетімді
«Таза Қазақстан» — eGov Mobile қосымшасында.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі