24.06.2026, 11:45
Оқылды: 10

Эйфель мұнарасы уақытша жабылды

Парижде аптап ыстыққа байланысты Эйфель мұнарасы уақытша жабылды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, туристер үшін шолу алаңына кіру де тоқтаған - деп жазды 24.kz.

A beautiful wide shot of the famous Eifel tower under the breathtaking cloudy sky at sunrise in Paris

Сурет: istockphoto.com

Әдетте ғимарат түнгі сағат бірге дейін жұмыс істейді. Алайда қазір ол сағат 16:00-ден кейін келушілерді қабылдамайды. Қалада ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілген. Осыған байланысты Парижде және Францияның тағы 54 өңірінде қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале