24.06.2026, 13:00
Оқылды: 11

Қыз алып қашу – ұлттық дәстүрге жат ұғым

Қыз алып қашу қазақтың дәстүрлі салты болған деген пікір тарихи деректермен толық расталмайды. Қазақ қоғамында неке қию, құда түсу, қыздың және оның отбасының келісімін алу маңызды - деп жазды kaz.zakon.kz.

A woman's shoe in a man's hand of a thief at a wedding, a custom

Сурет: istockphoto.com

Дәстүрлі құқық нормаларында қызды еркінен тыс алып қашу – заң бұзушылық әрі дау-дамайға себеп болатын әрекет. Тарихшы Бабақұмар Хинаят осындай пікірде.

Оның айтуынша, тарихи деректер мен этнографиялық зерттеулер қазақ қоғамында отбасыаралық келісім мен қоғамдық жауапкершіліктің жоғары бағаланғанын көрсетеді, деп жазады qazaqstan.tv.

 Сондықтан қыз алып қашуды қазақтың төл дәстүрі ретінде емес, жекелеген жағдайда кездескен әлеуметтік құбылыс ретінде бағалау дұрыс, – дейді маман.
Отбасын құру деген бұл қоғам заңында, адам заңында, діннің заңында бұл ерікті түрде болуы керек. Сол тұрғыдан келгенде адамды еркінен тыс алып кету, бұл – үлкен қылмыс. Мұндай масқаралық қазір әлемде жоқ. Қазіргі зайырлы қоғам принциптеріне мүлдем қайшы. Бұны алуантүрлі ақтап алғысы келеді. Бұл символдық ритуал дейік. Қазақ салтында әрдайым әйелдің салты жоғары болған.Бабақұмар Хинаят, тарих ғылымдарының кандидаты
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале