25.06.2026, 9:30
Оқылды: 12

Ойы жүйрік, білімі терең озды

Оралдағы №12 жалпы орта білім беретін мектепте «Ой жүйрігі – Ұлы дала ұландары» атты зияткерлік көшпенділер ойыны өтті. Сайысты «Өркен» комьюнити орталығы мен мектеп ұжымы  бірлесе ұйымдастырды.

WhatsApp Image 2026-06-16 at 17.47.29 (1)

Салтанатты жиынға «Өркен» комьюнити орталығы «Шежіре» ата-әжелер ансамблінің мүшесі Темірхан Исаев, мәдени орталық меңгерушілері мен мүшелері, мектеп мұғалімдері, сондай-ақ оқушылар  қатысты.

Бағдарлама мемлекеттік Әнұранмен ашылып, көрерменге рухани әсер сыйлаған сахналық  көрініспен жалғасты. Сақ және ғұн дәуірлерінің көрнекті тұлғалары – ел тәуелсіздігі үшін күрескен айбынды патшайым Томирис, Мөде қаған, ержүрек Спаргапис пен аты аңызға айналған Алып Ер Тоңға бейнелері сахналанды.

– Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мақсат Есенбекұлы бестемше, ақсүйек ойындары қазір тек біздің елде ғана емес, бүкіл әлемге танымал ойындардың біріне айналып отырғанын айтқан болатын. Бұл ойындар алғаш рет 2015 жылы Чехияда, 2017 жылы Румыния мемлекеттерінде болған халықаралық жарыстар құрамына енген. Сонымен қатар Азия мемлекеттеріне де таралуда, – дейді «Өркен» комьюнити орталығының меңгерушісі Айнұр Дәулетова.

Кейін «Шежіре» ата-әжелер ансамблінің мүшесі Темірхан Мүбиінұлы ақ батасын арнады.

WhatsApp Image 2026-06-16 at 17.47.29 (2)

Айта кетейік, ақсүйек ойынының жаңартылған нұсқасында домино тәрізді үстел үстінде ойналып, қатысушылардың ойлау жылдамдығы мен логикалық қабілетін шыңдауға бағытталса, бестемше – қазақтың зияткерлік сипаттағы дәстүрлі тақта ойыны. Ол тоғызқұмалаққа ұқсас болғанымен, ережесі қарапайым және жүріс саны аз болады. «Мангала» ойыны бойынша Айнұр Маратқызы шеберлік сағатын өткізіп, ойынның ережесі мен ойнау тәсілін таныстырды. Ұйымдастырушының айтуынша, «Мангала» ойыны арнайы тақтада бірнеше ұяшықтан тұратын құры-лымда ойналады. Ол қазақтың тоғызқұмалақ және бестемше ойындарына ұқсас.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаз-жүлдегерлер марапатталды.

«Ақсүйек» ойыны бойынша:

1-орын – Жақсығали  Әділхан («Достық» аула клубы).

2-орын – Жақсығали  Төрехан  («Достық» аула клубы).

3-орын – Гүлсая Жеңіс («Арман» аула клубы).

3-орын – Аяна Болатбекқызы («Атамекен» комьюнити орталығы).

 

«Бестемше» ойыны бойынша:

1-орын – Тұрақ Дәулет  («Жас шебер» аула клубы).

2-орын – Өтеген Нұрислам («Айгерім» аула клубы).

3-орын – Асылы Серік («Жас қыран» аула клубы).

3-орын – Нұрлан Айсұлтан («Шабыт» аула клубы).

 

Ернар Аманкелдіұлы,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале