Мұхит Мерәліұлының туғанына 185 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Сары дала сағынышы – сал Мұхит» республикалық дәстүрлі әншілер байқауының ІІ кезеңі басталды.

Байқаудың алғашқы кезеңіне еліміздің түкпір-түкпірінен 34 үміткер қатысып, олардың арасынан қазылар алқасының шешімімен 21 үміткер ІІ кезеңге жолдама алды.

ІІ кезеңде қатысушылар өз қалауы бойынша Мұхит Мерәліұлының кең тынысты, жоғары диапазонды бір әнін және бұрын-соңды орындалмаған немесе сирек орындалатын Мұхиттың бір әнін немесе халық әнін орындайды.
Қаратөбе өңірі