Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы мемлекеттік қызмет ардагерлері Қайыржан Елешев пен Орынбасар Жексенбаевтардың шаңырағына арнайы барып, аудан әкімінің құттықтау хатын табыстады. Сонымен қатар, қазақы дәстүрге сай иықтарына шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

Қайыржан Шарапиұлы зейнеткерлікке шыққанға дейін Жамбыл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Ал Орынбасар Нығметұлы Тайпақ ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман ретінде ұзақ жылдар жемісті еңбек етті.

Ардагерлердің мемлекеттік қызметтегі адал еңбегі, кәсібилігі мен мол тәжірибесі – кейінгі буын мемлекеттік қызметшілеріне әрдайым өнеге. Олардың ел игілігі жолындағы сүбелі еңбегі жоғары бағаланып, мұндай құрмет көрсету игі дәстүр ретінде жалғасын табуда.
Ардагер ағаларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейміз!
Әсем Есбек,
Ақжайық ауданы