30.06.2026, 10:59
Оқылды: 12

Қос қола қоржында

28 маусым күні Астана қаласында өткен TURAN International Karate Tournament жарысында ауданымыздың жас спортшылары ел намысын абыроймен қорғап, жүлдемен оралды.

382fd932-f607-4c10-82a4-128508a45917

6 елден жиналған мықтылар бақ сынаған додаға өңірімізден 6 спортшы қатысып, барлығы да жоғары деңгейде өнер көрсетті. Нәтижесінде Құрмет Абай (6–7 жас) мен Қаршығаұлы Нұрмұқан (8–9 жас) қола жүлдеге ие болды.

Жеңімпаз жас спортшыларды аудан жұртшылығы салтанатты түрде қарсы алды. Қарсы алу барысында Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Айнұр Қайрлиева сөз сөйлеп: «Бүгін біз TURAN жарысында ел намысын қорғап, жүлдемен оралған жас спортшыларымызды қуанышпен қарсы алып отырмыз. Сіздер Қаратөбе ауданының мерейін үстем етіп, Қазақстанның көк Туын биікке көтердіңіздер. Бұл – жаттықтырушылар мен ата-аналардың қолдауының және өз еңбектеріңіздің нәтижесі. Алдағы жарыстарда да жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!» – деп құттықтады.

3e998f7c-7c0d-40aa-903e-f06c2dde3153

Бұл – биыл ғана ашылған “Арман” спорт мектебі шәкірттерінің алғашқы үлкен жетістігі. Жас спортшылардың жеңісі – олардың ерік-жігері мен табандылығының, сондай-ақ спорт мектебінде барлық жағдай жасаған Дошиев Думан мен жаттықтырушы Опиев Айбектің қажырлы еңбегінің жемісі.

Жас спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, ел абыройын асқақтата беріңіздер!

 

Қаратөбе өңірі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале