Мұратсай ауылында аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршиновтің төрағалығымен «Ауыл аманаты» жобасын түсіндіруге арналған жиын өтті.

Айтулы басқосуға Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Ринат Мұсағалиев және белгілі бизнес-тренер, экономика ғылымдарының магистрі Алмагүл Исмагулова қатысып, спикер ретінде сөз сөйледі. Сондай-ақ маңызды жиынға аудандық дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты.

Алқалы жиын барысында жобаның тиімділігі мен ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру арқылы мемлекеттік жеңілдіктерге қол жеткізу мәселесі талқыланды. Диалог форматында ұйымдастырылған кездесуде ауыл тұрғындары көкейкесті сұрақтарына тұшымды жауап алып, өзекті ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Еркебұлан Бисенғалиев,
Бөкей ордасы ауданы