Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова көп балалы аналарды арнайы қабылдап, ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес «Күміс алқа» алқаларын табыс етті.

Салтанатты кездесу барысында Шалқар ауылдық округінің тұрғындары Ару Дінжан мен Самал Темирбулатова «Күміс алқа» иегері атанып, жоғары мәртебеге ие болды. Аудан басшысы Әлия Биғазықызы аналарға өзінің жүрекжарды лебізін арнап, мерекелік гүл шоқтарын ұсынды.

Өз кезегінде ақ жаулықты аналар да аудан әкіміне көрсетілген ерекше құрмет пен қолдау үшін шынайы алғысын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ салтанатты жүздесуге Шалқар ауылдық округінің әкімі Шынтемір Халиматұлы қатысып, марапат иелеріне ақжарма тілегін арнады.
Қ. Аманжолқызы,
Теректі ауданы