3.07.2026, 17:15
Оқылды: 11

Трихолог шаш түсуіне әсер ететін тосын факторларды атады

Күйзеліс - көптеген физиологиялық процеске әсер ететін маңызды фактор. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, дерматолог-трихолог Мария Халдина айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Hair Loss on Comb After Brushing, Hand Holding Fallen Hair at Home

Сурет: istockphoto.com

Маман күйзеліс кезінде шаш түсуін "эпидемия" деп атайтынын, алайда мәселе бүкіл әлемге таралғанын ескерсек, оны "пандемия" деу дұрысырақ екенін жеткізді. Сонымен қатар, ол бұл мәселенің жалғыз себебі тек күйзеліс деу дұрыс емес екенін де мәлімдеді.

 Сарапшы шаш түсуіне зиян тағам да әсер ететінін айтты. Оның пікірінше, мұнда тағамның түрі ғана емес, сапасы, құндылығы және өңделу деңгейі де маңызды.
"Тағамның сапасын дәмдеуіштер мен тұздықтардың емес, өнімнің өзінің табиғи дәмі арқылы аңғаруға болады. Мегаполистерде экологиялық ахуалдың қолайсыздығы да маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, аз қимылдау зат алмасуды баяулатып, қан тамырларын әлсіретеді", - деді Мария Халдина.

Трихологтың сөзінше, қазір бірнеше жағымсыз фактор бір мезгілде әсер етіп, синергия құбылысы байқалып отыр. Соның салдарынан шаш түбірлерінің бұзылу процесі жеделдеп, шаш жұқарып, түсе бастайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале