3.07.2026, 15:45
Оқылды: 15

Тұрақты дамуға бастар қадам

Жуырда Тұрақты даму жолындағы халықаралық волонтерлер  жылы  хақында баспасөз конференциясы өтті.  Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  ұлттық  волонтерлер  фронт-кеңсесінің жетекшісі  Айбек Досымбетов мәлімдеді.

3af358d3-19b6-4548-a6f5-c04980e9a162

Биылғы жыл тұрақты даму жолындағы халықаралық еріктілер жылы болып жарияланды. Бұл бастама еріктілік қызметті дамытуға, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. Жыл аясында түрлі халықаралық және жергілікті жобалар, қайырымдылық және экологиялық акциялар ұйымдастырылуда. Еріктілердің еңбегі қоғамның дамуына серпін беріп, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.

– Еріктілік тек бір реттік акциялармен шектелмейді, ол – қоғамның орнықты дамуына ықпал ететін маңызды әлеуметтік институт. Еріктілердің еңбегі әлеуметтік, экологиялық, білім беру салларында және азаматтық қоғамды дамыту бағытында айрықша рөл атқарады. Сондықтан оның маңызын кеңінен түсіну және қолдау – бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі.

Батыс Қазақстан облысында еріктілік қызметті дамыту бағытында бірқатар жоба жүзеге асуда. Бұл бастама өңірдегі еріктілер қозғалысын жүйелеуге және оның аясын кеңейтуге ықпал етуде. Одан бөлек, жергілікті ерікті ұйымдар, жастар бірлестіктері мен бастамашыл азаматтардың тәжірибесі кеңінен насихатталуда.
Өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып әзірленетін ұсыныстар талқыланып, еріктілік қызметтің тиімділігін арттыру жолдары қарастырылуда, –деді ұлттық волонтерлер фронт-кеңсесінің жетекшісі Айбек Досымбетов.

Қоғамда еріктілік мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету, жастарды кеңінен тарту басты мақсат саналады. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының еріктілік тақырыбын жүйелі түрде жариялап, оның маңызын қоғамға кеңінен насихаттауға да жағдай жасау көзделуде.

– 2030 жылға дейінгі еріктілік қозғалысты дамыту тұжырымдамасына өңірлік ұсыныстар енгізу көзделіп отыр. Одан бөлек,  мемлекеттік саясаттың басым бағыттары жан-жақты түсіндіріліп, БАҚ-тың бұл тақырыпты жариялаудағы белсенділігі артады. Мемлекеттік құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен ерікті ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл күшейіп, өңірдегі үздік тәжірибелер кеңінен насихатталмақ, – деді Айбек Аяпбергенұлы.

1

Батыс Қазақстан облысы еріктілік бастамаларды іске асыруда белсенді өңірлердің бірі болып табылады. Экологиялық, әлеуметтік және қоғамдық бағыттардағы жобаларды тұрақты жүзеге асырып  келеді.

Гүлфия Азаматқызы,

«Орал  өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале