5.07.2026, 14:30
Оқылды: 79

Ұлттық домбыра күніне арналған 2 мыңнан астам шара өтеді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Ұлттық домбыра күніне орай еліміздің барлық өңірінде және шетелде 2 мыңнан астам мәдени іс-шара ұйымдастырылуда.

ниш домбыра (1)

Шілденің алғашқы жексенбісінде атап өтілетін бұл мерекеге биыл 2 миллионнан астам адам қатысады деп жоспарланған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл күннің ұлттық рухты көтерудегі маңызын айтып, «Нағыз қазақ – домбыра» деген қанатты сөзді алға тартқан болатын. Биылғы мейрам елдің мәдени мұрасын ұлықтайтын жаңа Конституцияның күшіне ену кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр.

Мерекелік бағдарлама аясында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ауқымды ашық аспан астындағы концерттер өтеді. Сондай-ақ халықаралық деңгейде Қытай астанасы Бейжіңдегі Лянма өзенінің жағалауында «Dombra Party» ұйымдастырылмақ. Республика бойынша Түркістанда «Күй құдіреті», Қызылордада «Сыр толқыны», Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Әсемқоңыр» байқаулары мен Солтүстік Қазақстанда «Quzyljar Music Fest» фестивалі өтеді. Бұдан бөлек, министрліктің бастамасымен әлеуметтік желілерде #dombrakuni республикалық челленджі басталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале