5.07.2026, 7:45
Оқылды: 16

Ақпәтер халқы жаңа әкім сайлауда белсенділік танытуда

Қазталов ауданына қарасты Ақпәтер ауылдық округінде ауыл әкімін сайлау науқаны басталды.

image-05-07-26-08-16-1

№240 сайлау учаскесінің төрағасы Ерасыл Сатыбалдиевтің айтуынша, дауыс беру заң талаптарына сай таңғы сағат 07:00-де басталып, тұрғындар алғашқы сәттен-ақ жоғары белсенділік танытуда.

Ауыл тұрғыны, көпбалалы ана Меңдігүл Миняжева да өз таңдауын жасап үлгергенін, халық туған ауылының өркендеуіне үлес қосатын басшыны сайлайтынына сенетінін жеткізді.

Сайлаудың ресми қорытындысы кейінірек жергілікті басылымдарда жарияланады.

Қыдыр Харесұлы,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале