Сырым ауданы Елтай ауылдық округіндегі №310 сайлау учаскесінде алғашқы болып еңбек ардагері Шаңдоз Батиева дауыс берді.

Саналы ғұмырын пошта саласына арнап, 52 жыл абыройлы еңбек еткен зейнеткер маңызды саяси науқанда жоғары азаматтық белсенділік танытты. Сайлау учаскесінің комиссия мүшелері ақ жаулықты анаға ризашылықтарын білдіріп, арнайы естелік сыйлық табыс етті.
Қоңдыкер Елеуов,
Сырым ауданы