Белес ауылындағы №170 сайлау учаскесіне келіп, өңір экономикасының тірегі саналатын «Белес Агро» кәсіпорнының ұжымы дауыс берді.

Зауыт жұмысшылары маңызды саяси науқанға бір кісідей ұйымшылдықпен қатысты. Кәсіпорында 20 жылға жуық еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман Махмұд Мұқанов өндіріс адамдары үшін ел болашағына дауыс беру үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. «Жұмыстан арнайы уақыт тауып, сайлауға келдік. Біз өз таңдауымызды ауылдың тұрақтылығы мен жарқын келешегі үшін жасадық», — деді ол.

Салтанат Зұлқарнаева,
Бәйтерек ауданы