«Әділет» партиясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, партия төрағасы Айбек Дәдебай саяси ұйымның III кезектен тыс Съезін шақыру туралы Қаулыға қол қойды.

Фото: adilet-partiyasy.kz
Құжатқа сәйкес, алқалы жиын биылғы 10 шілдеде Астана қаласында өтеді. Қазіргі уақытта съезге дайындық жұмыстары басталып кетті.
Іс-шараға партия делегаттары, өңірлік филиалдардың өкілдері, басшылық органдарының мүшелері және өзге де қонақтар қатысады деп жоспарланған.