Белестегі №170 сайлау учаскесіне ауылдық клуб жанынан құрылған «Ару ана» әжелер ансамблінің мүшелері келіп, дауыс берді.

Биыл құрылғанына 15 жыл толған өнер ұжымы саяси науқанға бір кісідей қатысып, өскелең ұрпаққа үлгі көрсетті. Ансамбль атынан лебіз білдірген 75 жастағы еңбек ардагері, ақ жаулықты ана Орынша Әбутайқызы жаңа әкімнен қандай жұмыстар күтетінін жеткізді.

«Ауылда тұрғаныма 24 жылдан асты. Соңғы жылдары Белесте көшелерді жарықтандыру қарқын алып, былтыр жаяу жүргіншілер жолы салынды. Ендігі кезекте жаңа әкім осы игі істерді жалғап, мектеп оқушыларының қатынау жолын ретке келтірсе дейміз. Сондай-ақ, сайланған басшы ауыл қарияларымен, ақсақалдар алқасымен ақылдаса отырып, жүйелі жұмыс істеуі керек», — деді Орынша әже.
Салтанат Шоқан,
Бәйтерек ауданы