Қазталов ауданы Ақпәтер ауылдық округінде өтіп жатқан ауыл әкімін сайлау науқанына жергілікті тұрғындар белсенді қатысуда.

Осы саяси шарада ауыл тұрғыны, аяулы ана Ұштап Мұқанова жастарға үлгі болу мақсатында сайлау учаскесіне отбасымен бірге келді.
Ұштап Мұқанова ұлы Мереке мен келіні Гүлмираны ерте келіп, өз таңдауын жасағанын айта отырып, бұл қадамдарының ауылдастар арасындағы сенім үрдісін нығайтуға бағытталғанын жеткізді. Сонымен қатар ол болашақта туған ауылының жаңарып, көркейе түсетініне үміт артатынын және бұған сайлау нәтижесінде анықталатын жаңа әкімнің үлкен үлес қосатынына сенетінін атап өтті.
Қыдыр Харесұлы,
Қазталов ауданы