5.07.2026, 19:25
Оқылды: 7

Жалпақталда Ұлттық домбыра күніне арналған мәдени шара өтті

Ұлттық домбыра күніне орай Жалпақтал ауылындағы «Алтын домбыра» монументі жанында «Домбыра – дала үні» атты мәдени кеш ұйымдастырылды.

image-05-07-26-07-20-2

​Мерекелік шараны «Қыз Жібек» дәстүрлі әншілер ансамблі «Домбыра» әнімен ашты.

Жиында сөз алған Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлібеков тұрғындарды мерекемен құттықтап, қара домбыраның халқымыздың рухани дүниесіндегі орны ерекше екенін айта келе, ұлттық мұраны кейінгі ұрпаққа аманаттап, төл өнерді дәріптеудің маңызына тоқталды.

​Кеште Ақылбек Камановтың жетекшілігіндегі өнер мектебінің шәкірттері Ерсайын Амина мен Абдулхамит Райымбергенов «Секіртпе» күйін орындап, ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген «Ортеке» өнерін көрсетті. Сондай-ақ Гүлбаршын Бауыржанқызының шәкірттері Әсем Наурыз бен Алтын Серікова «Ертұран» күйін тартты.

​Бағдарлама аясында күйшілік дәстүр мен домбыра құрылысына қатысты танымдық викторина ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар берілді. Ал «Dombyra Party» ашық микрофонында ауыл тұрғындары мен өнерлі жастар күй тартып, ән шырқады, оларға Жалпақтал мәдениет үйінің естелік сыйлықтары табыс етілді. Шара Гүлмира Серғазиеваның орындауындағы «Домбыра туралы баллада» әнімен қорытындыланды.

Әдемі Жасұланқызы, 

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале