8.07.2026, 12:30
Оқылды: 14

Ел тірегі – білімді әрі белсенді жастар

Ел болашағы – белсенді де білімді өскелең ұрпақтың қолында. Осы мақсатта жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, патриоттық рухын нығайту бағытында «Әділет» партиясының жастары ауқымды іс-шара ұйымдастырды.

1-жастар

Заманауи сипатта өткен жиынның басты мақсаты – жастар арасындағы бірлікті нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және олардың ел дамуына қосар үлесін арттыру. Іс-шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев арнайы қатысып, жастарды құттықтады.

Өңір басшысы өз сөзінде мемлекет тарапынан жастар саясатына әрдайым ерекше көңіл бөлінетінін атап өтіп, білімді әрі белсенді жастардың елдің тұрақтылығы мен өркендеуіндегі рөліне тоқталды. Сондай-ақ олардың бастамалары мен тың идеялары мемлекет дамуының маңызды қозғаушы күші екенін айтты.

Іс-шара барысында «Әділет» партиясының жастары бүгінгі қоғамдағы жас көшбасшылардың орны мен жауапкершілігі жөнінде пікір бөлісті. Сонымен қатар қатысушылар арасында Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызы, заң үстемдігі мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиынға қатысқан осы жолдардың ауторы мұндай кездесулердің жастар үшін маңызы зор екенін атап өтті.

– Бүгінгі іс-шара бізге үлкен серпін берді. Бұл кездесу Конституциямыздың мәні мен маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік жасады. Әрбір жас өз құқықтары мен міндеттерін жақсы білуі керек. Конституция – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен жарқын болашағының берік негізі. Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің жастармен  жүздесіп, қолдау білдіруі бізге үлкен жауапкершілікті сезінуімізге ықпал етті. Біз еліміздің заңдарын құрметтеп, Әділетті Қазақстанды құруға өз үлесімізді қосуға дайынбыз, – деді ол.

Іс-шара барысындағы тағылымды кездесулер мен емен-жарқын пікір алмасулар жастардың азаматтық ұстанымын нығайтып, қоғамдық өмірге белсенді араласуына серпін берді.

«Әділет» партиясының жастары алдағы уақытта да жастар саясатын қолдауға бағытталған түрлі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Мұндай бастамалар жас буынның ел келешегіне деген жауапкершілігін арттырып, қоғамның дамуына зор үлес қоспақ.

Денис Завьялов,

«Жастар рухы» жастар қанаты

БҚО филиалының бөлімше жетекшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале