9.07.2026, 10:00
Оқылды: 13

«Әкелер даңқы жолымен»: Бөрліде дәстүрлі туристік слет өтті

Бөрлі ауданына қарасты Кеңтүбек ауылдық округінің Пролетарка ауылында «Әкелер даңқы жолымен» атты аудандық туристтік слет өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін туристтік слет салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа тартып, патриоттық сезімге тәрбиелеу және аудан жастарына экологиялық тәрбие беруде туризмнің рөлін арттыру мақсатында оздырылған. Айтып өтетіні, бұл шара ауданымызда 1978 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатыр. Аталған жарысты аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешені мен БЖСМ өткізген еді.

WhatsApp Image 2026-07-06 at 09.34.13

Туристік слеттің ашылу салтанатына аудан әкімі апаратының басшысы Ерік Төлепқалиев, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Исатай Қарабаев және бірқатар ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты. Ашылу салтанатында шара қонақтары жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

WhatsApp Image 2026-07-06 at 09.34.12

Дәстүрге айналған жарысқа ауданымызға қарасты ауылдық округтерден құралған 11 команда, 600-ден астам спортшы қатысты. Атап айтсақ, Ақсу, Бумакөл, Бөрлі, Достық, Қарағанды, Қанай, Қарақұдық, Кеңтүбек, Приурал, Пугачев және Жарсуат ауылдық округтері.

WhatsApp Image 2026-07-06 at 09.33.16

Екі күнге созылған шара барысында қатысушылар табиғат аясында өз шатырларын құрып, түрлі спорттық және шығармашылық байқауларға қатысып, ауыл-ауыл болып жарысты.Туристік слеттің бағдарламасы 16 жарыс түрінен тұрды. Олар: дала газеті, тұратын орын, су туризмі, спорттық бағдарлау, туристтік өткелдер, саябақ волейбол, шағын футбол, гір спорты, дойбы, арқан тарту, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, қол күресі, асық ату, бес асық, дәстүрлі садақ ату.

WhatsApp Image 2026-07-06 at 09.33.17

Жарыстың қорытындысы бойынша дәстүрлі садақ атудан ерлер арасында кеңтүбектік Мэлс Машаев, әйелдер арасында ақсулық Альфия Шәріпова, ал бес асықтан бөрлілік Әсемгүл Жұмағазиева, дойбыдан ерлер арасында приуралдық Аманбай Жұмағазиев, әйелдер арасында кеңтүбектік Рима Бекмұхамбетова жеңіске жетті. Спорттық бағдарлаудан Бөрлі, арқан тартудан Пугачев, асық атудан Бөрлі ауылдық округінің командалары жеңіс тұғырынан көрінді. Тоғызқұмалақтан Бекзат Қалмыш (Кеңтүбек ауылдық округі) пен Айжан Уалихановалар (Бөрлі ауылдық округі) жеңімпаз атанды. Сонымен қатар су туризмінен Приурал, туристік өткелдерден Бөрлі, саябақ волейболынан Бөрлі, шағын футболдан Бумакөл ауылдық округтері жеңді.

WhatsApp Image 2026-07-06 at 09.33.18 (2)

Ал жалпы командалық есепке келсек, бұл жолы да 418 ұпаймен Бөрлі ауылдық округі жеңімпаз атанды. Бөрлі ауылының командасы бірнеше жылдан бері осы туристтік слетте жеңімпаз атанып келе жатыр. Команда мүшелерінің айтуы бойынша, бұл жеңіс ең алдымен ауыл азаматтарының ауызбіршілігінің арқасында дейді. Екінші орынға 356 ұпаймен Қарағанды ауылдық округі иеленді. Ал үздік үштікті 338 ұпаймен Приурал ауылдық округі қорытындылады.

WhatsApp Image 2026-07-06 at 09.33.17 (1)

Байқауда жүлделі орындарға ие болған спортшылар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақсай» мәдени-бұқаралық ұлттық ат спорт кешенінің тиісті дәрежедегі дипломдарымен, медальдарымен және кубоктарымен марапатталды.

Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы

WhatsApp Image 2026-07-06 at 09.33.16 (1) WhatsApp Image 2026-07-06 at 09.33.15 WhatsApp Image 2026-07-06 at 09.33.14 (2)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале