
Сурет: istockphoto.com
Кальяри университетінің психологы Мария Кьяра Фастаме мен оның әріптестері аралдың 71 мен 101 жас аралығындағы 125 тұрғынын зерттеді: олардың 55-і "көгілдір аймақта", ал 70-і әлеуметтік-экономикалық жағдайы ұқсас және тегін медицинаға қолжетімділігі бірдей көршілес қауымдастықтарда тұрады.
Қатысушылар психологиялық саулық, денсаулыққа байланысты өмір сапасы және Big Five моделі бойынша тұлғаның бес негізгі қасиеті (ашықтық, адалдық, экстраверсия, мейірімділік және нейротизм) бойынша тест тапсырды. Сондай-ақ стресске төзімділік дағдылары мен хоббиге бөлетін уақыттары бағаланды.
Авторлардың пікірінше, ашықтық ұзақ өмір сүруге жанама түрде әсер етеді: бұл қасиеті жоғары адам жаңа таныстықтарға құмар келеді, жаңа қызығушылықтарды тез меңгереді, оқуын жалғастырады және физикалық тұрғыдан белсенді болады. Осылайша қартаюды бәсеңдететін әдеттерді нығайта түседі.
Тағы бір маңызды қасиет - адалдық (жауапкершілік) - өмірге деген қанағаттанушылықпен және стресске төзімділікпен байланысты болды. Ал нейротизм (жағымсыз эмоцияларға бейімділік), керісінше, тұрғылықты жеріне қарамастан, өмір сапасының төмендеуіне әсер еткен.