10.07.2026, 9:30
Оқылды: 20

Үкіметте Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының ерекше бақылауындағы автожол жобаларының іске асырылу барысы талқыланды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен ағымдағы жылғы 26 маусымда Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау мәселелері бойынша кеңес өтті, - деп жазады primeminister.kz.

img-20260709-204445-731 (1)

Сондай-ақ кеңес барысында Мемлекет басшысының «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» жобаларын іске асыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы қаралды.

Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындау жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтитын тиісті Жол картасы бекітілді.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары аталған автожол жобаларын іске асыру Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша Жол картасы іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту және белгіленген мерзімдерді сақтау бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале