11.07.2026, 15:30
Оқылды: 12

Ормандарды өрттен қорғауға 16,9 млрд теңге бөлінді

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен және «Жасыл даму» АҚ-ның ұйымдастыруымен, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында кәдеге жарату төлемі қаражаты есебінен орман қоры мен ұлттық парктерді өрттен қорғауды күшейтуге 16,9 миллиард теңгеден астам (16 916 552 707 теңге) қаржы бағытталды.

Ақша JP

Бұл іс-шара орман өрттерін ерте анықтайтын заманауи бағдарламалық-техникалық жүйелерді енгізуге, дрондар (ұшқышсыз ұшу аппараттары) сатып алуға, сондай-ақ бейнебақылау мен байланыс жабдықтарын жаңартуға жұмсалды. Бұл технологиялар қорғалатын аймақтарды тәулік бойы бақылап, қауіп төнгенде ақпаратты жедел жеткізуге мүмкіндік береді.

Жоба аясында еліміздің өңірлеріне өрттің алғашқы белгілерін (түтін, температураның көтерілуі, инфрақызыл сәулелену) автоматты түрде тіркейтін «ЕАЖ-1» жүйесінің 14 кешені жеткізілді. Бөлінген қаржының ең үлкен үлесі Ақмола облысына тиді, мұнда 4,8 млрд теңге бағытталды. Одан кейінгі орындарда Алматы облысына 3,3 млрд теңге, Қарағанды облысына 3 млрд теңге, Түркістан облысына 1,6 млрд теңге және Шығыс Қазақстан облысына 1,6 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ Қостанай облысының орман қорын қорғауға 1,3 млрд теңге және Павлодар облысына 1 млрд теңге қарастырылды.

Орман алқаптары аз және оларды қалпына келтіру ондаған жылдарды қажет ететін Қазақстан үшін бұл жүйенің маңызы зор. Автоматтандырылған бейнекамералар мен дрондар өртті көзге анық байқалмай тұрып-ақ, бастапқы кезеңінде анықтауға қауқарлы. Осы заманауи құралдарды қолдану өртке қарсы қызметтің жедел әрекет ету уақытын қысқартып, адамдар мен табиғатқа келетін экологиялық және материалдық шығындарды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале