13.07.2026, 18:01
Оқылды: 14

Жаңару үшін дауыс берейік

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді. Құрылтай депутаттары бес жыл мерзімге сайланады. Құрылтай депутаттары жалпыға бірдей, тең жəне төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.

Мақала Бақытжан Жүсіпқали (1)

 

Аудан тұрғындарын еліміздің одан әрі дамуындағы жаңа кезеңді белгілейтін тарихи оқиғаның қатысушысы бола отырып, азаматтық жауапкершілік танытуға және жаңару үшін дауыс беруге шақырамын.

Сайлау науқанының негізгі кезеңдері мынадай:

Сайлаушылардың тізімдерін жергілікті атқарушы органдар сайлаушылардың тұрғылықты жері бойынша тиісті сайлау учаскесінің аумағында тұрақты тіркелуі негізінде жасайды. Уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізімдеріне жергілікті атқарушы органға берген өтініші негізінде тұрақты тіркелген жері бойынша тізімнен шығарыла отырып, енгізіледі. Азамат тек бір ғана сайлаушылар тізіміне енгізіле алады.

Сайлаушы өзінің болатын жерін ауыстырған кезде дауыс беру күніне он бес күн қалғанда немесе 2026 жылғы 7 тамыздан бастап учаскелiк сайлау комиссиясынаөз өтініші бойынша және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін ала алады.

Осы сайлауда ауданда 1 аумақтық, 19 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс атқарады. Аумақтық сайлау комиссиясында 7 мүше, учаскелік сайлау комиссияларында 115 мүше, барлығы 122 комиссия мүшелері жұмыс жасайды. Сайлауды заң тұрғысында өткізу мақсатында осы 122 сайлау комиссиясын оқыту ең маңызды шара. Оқыту семинарлары дауыс беру күнгі учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс тізбесі бойынша практикалық көрсетілім сабақтар, кейстер, ситуация бойынша талдаулар, дауыс беру күнгі бейне сабақтармен өткізіледі. Бұның сыртында Орталық сайлау комиссиясының жоспарына сәйкес қашықтан «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық  заңдарынан білімдерін тексеру мақсатында   кезең кезеңімен тестілеу өтеді.

Барлық 19 сайлау учаскелері дауыс беруге қажетті құрал жабдықтар дауыс беру кабинасы, бюллетень салатын жәшіктермен толық қамтылған.

Аудандағы 19 сайлау учаскесінің біреуі ғана ауылдық клубта, қалған 18 сайлау учаскелері мектептерде орналасқан. Сайлау учаскелері пандустар, көздері көрмейтіндер үшін тактилді төсеніштер, мүгедектігі бар адамдар үшін сан узелдармен, көзі көрмейтін сайлаушылар үшін брайл әріптерімен жазылған маңдайша ілінбелермен,  стандартты кабиналармен, ту, елтаңбамен толық қамтылған.

Бюллетень тасымалы бойынша: Оралдан алып келу, оны аудан басында сақталуы, учаскелерге таратқан кездегі сақталуы, қайтадан дауыс беру аяқталғаннан кейін ауданға жеткізілуі 23 тамыз күні қалаға жеткізілуі барлығы полиция қызметкерлерінің күзетімен, ілесуімен жүзеге асырылады.  Сол сияқты дауыс беру күнгі дауыс беру учаскесіндегі тәртіптің сақталуыда полиция қызметкерлеріне тапсырылады.

Дауыс беру күні учаскедегі дауыс беру процесін байқаушылар, сенімді өкілдер, Республикалық сайлау туралы заңның 6-бабына сәйкес дауыс беру күні дауыс беру учаскесінде Қазақстан Республикасының аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың атынан  өкілдік ететін Қазақстан Республикасының  азаматтары, сондай-ақ шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан аккредиттелген байқаушылар, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сайлаудың заң талаптарына сай өтуін  байқай  алады.

Біздің аудан бойынша сайлауды байқауға аккредиттен өткен «Мұхит жастары» қоғамдық бірлестігінің қатынасуна құқы бар. Учаскелік сайлау комиссиялары 2 тамыздан бастап жұмыстарына кіріседі. Учаскелік сайлау комиссиялары күнтізбелік жоспар бойынша 7 тамыздан кешіктірмей азаматтардың тұрғылықты жері бойынша сайлау қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін танысуға ұсынады. Дауыс беру 23 тамыз күнгі таңғы сағ 7:00 ден кешкі сағ 20:00 ге дейін жүреді.

 

 

Бакытжан ЖҮСІПҚАЛИ,

Қаратөбе аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале