ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сейсенбі, 14 шілде күні сағат 10:00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.

Фото: primeminister.kz
Жиынның басты күн тәртібі — 2026 жылдың қаңтар-маусым айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысын талқылау.
Отырыс аяқталғаннан кейін БАҚ өкілдері үшін баспасөз конференциясы ұйымдастырылады. Оған спикер ретінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс viце-министрі Қуандық Қажкенов және ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қатысады. Үкімет отырысының тікелей көрсетілімін PrimeMinister.kz сайтынан, ресми YouTube арнадан, Facebook парақшасынан және UKIMET Telegram-каналынан тамашалауға болады.