Finkelisim сайты қарыздың жалпы сомасы 648 мың мен 7 миллионға дейін болса ғана жұмыс істейді. Одан аз болса, банкке бару керек. Қазақстандықтар банктерге шамамен 1 триллион теңге қарыз. Қаржы ұйымдары уақытылы төленбеген соманы коллекторлар арқылы қайтармақ. Аналитикалық орталықтар осындай дерек келтірді - деп жазды baq.kz.

Сурет: istockphoto.com
Бұрын борышкерлер қарызды өтеу үшін біраз құжат жинап, әбігерге түсетін. Бірнеше банкте қарызы болса, әрқайсымен жеке-жеке келісетін. Енді бір ғана Finkelisim.kz деген сайттан онлайн өтінім бере алады. Ол барлық кредиторларға автоматты түрде жетеді.
Бірақ платформаны қолданудың талаптары бар. Біріншіден, бұл жүйені кемінде 2 банкке қарыз азаматтар ғана қолдана алады. Сондай-ақ берешек 90 күн бойы төленбеген болуы тиіс. Әрі Finkelisim сайты қарыздың жалпы сомасы 648 мың мен 7 миллионға дейін болса ғана жұмыс істейді. Одан аз болса, банкке бару керек.