16.07.2026, 9:00
Оқылды: 10

Қазақстанда жасалған: ішкі өндіріс халықты жұмыспен қамтып, нарықтағы бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономиканы терең әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Үкімет өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту бойынша жүйелі шаралар қабылдап келеді.

IMG_20260716_083336_426

Бүгінде Президент тапсырмасына сәйкес негізгі басымдықтар экономикалық патриотизмді дамытуға, қазақстандық тауар өндірушілердің әлеуетін барынша ашуға және жоғары деңгейде өңделетін өнім шығаратын ірі өндірістерді іске қосуға бағытталған.

Биыл өңдеуші сектор индустрияландырудың басты қозғаушы күшіне айналды. Ал агроөнеркәсіптік кешенде ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған инвестициялық және технологиялық жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Үкімет ішкі өндірісті қандай тетіктер арқылы қолдап отырғаны, цифрлық сүзгілер жалған кәсіпорындарды нарықтан қалай анықтайтыны және еліміздің өнеркәсіптік картасын өзгертетін серпінді жобалар туралы Primeminister.kz редакциясының арнайы шолуынан оқи аласыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале