16.07.2026, 15:15
Оқылды: 10

Шыңғырлауда инвестиция, жұмыспен қамту және қауіпсіздік мәселелері қаралды

Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиевтің төрағалығымен актив жиыны өтті. Жиынға дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

image-16-07-26-11-56

Күн тәртібінде ауданға инвестиция тарту, мерзімдік басылымдарға жазылу науқанын қорытындылау, жұмыспен қамту саласындағы жоспарлардың орындалуы, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру және қауіпсіздік шараларын күшейту, сондай-ақ ветеринария саласында 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер қаралды.

Жиында сала басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

image-16-07-26-11-56-1

Актив жиынын қорытындылаған аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев қаралған мәселелердің аудан дамуы үшін маңыздылығына тоқталып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ инвестиция тарту, халықты жұмыспен қамту, өрт қауіпсіздігін сақтау, балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету және ветеринариялық шараларды сапалы орындау бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Светлана Ешматқызы

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале