16.07.2026, 19:00
Оқылды: 82

8,5 млн теңгенің малын ұрлаған күдікті ұсталды

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысында ірі көлемде мал ұрлаған күдікті қолға түсті.

724a2f53c0c6492ad1a08def368c9d3a_1280x720

Фото: gov.kz

Қордай аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын малды жазғы жайылымға айдар алдында түгендеген кезде 51 қой мен 27 қозының жоқ екенін байқаған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 8,5 миллион теңгеден асып жығылады. Шаруа жоғалған малды алдымен өз бетінше іздеп таппаған соң тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген.

Аталған дерек бойынша мал ұрлығы фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтап, оны тұтқындады. Тәртіп сақшыларының кәсіби әрекетінің арқасында ұрланған малдың бір бөлігі табылып, заңды иесіне қайтарылды.

Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлері ауыл тұрғындары мен шаруаларға мал қораларын сенімді күзетпен қамтамасыз етуді, төрт түлікті дер кезінде сырғалап, таңбалауды және мал жоғалған жағдайда уақыт созбай, бірден полицияға хабарласуды ескертеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале