17.07.2026, 15:00
Оқылды: 14

Казталовта мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық өзгерістер түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсалов жұмыс сапарымен Казталов ауданына келді.

image-17-07-26-12-14-3

Департамент басшысының жұмыс сапары аясында Жаңа Конституцияның нормалары мен құндылықтарын, сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Кездесу барысында Мұрат Сейлбекұлы мемлекеттік қызмет саласында жүзеге асырылып жатқан реформалардың негізгі бағыттарына тоқталып, заңнамаға енгізілген өзгерістердің мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға, ашықтық пен есептілікті күшейтуге, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және әдеп нормаларын сақтауға бағытталғанын атап өтті.

Сонымен қатар Конституцияның қоғам өміріндегі орны, мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі туралы жан-жақты түсіндірді.

Жиын барысында қатысушыларды қызықтырған өзекті мәселелер талқыланып, заңнамалық өзгерістерге қатысты сауалдарға нақты жауаптар берілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтің жаңа талаптарына бейімделу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік басқару жүйесінің сапасын арттыру бағытындағы міндеттер талқыланды.

image-17-07-26-12-14-4

Аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру бағытында қолға алынып жатқан реформалардың маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру мен заң талаптарын қатаң сақтау халық сенімін нығайтудың басты кепілі екенін атап өтті.

 

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале