19.07.2026, 9:00
Оқылды: 19

Ақпәтерде қайырымдылық концерті өтті

Ақпәтер ауылдық мәдениет үйінде ел ішіндегі жанашырлық пен ауызбіршілікті дәріптеуге бағытталған «Ізгілікке бастар өнер кеші» атты қайырымдылық концерті өтті.

image-18-07-26-10-24-5

Игі шараның басты мақсаты — қоғамда қайырымдылық мәдениетін насихаттап, ізгі істерге ауыл тұрғындарының қолдауын арттыру. Кеш барысында жергілікті өнерпаздар сахна төрінде әннен шашу шашып, өз өнерін ортаға салды. Ауыл тұрғындары әрбір шығармашылық нөмірді ыстық ықыласпен қабылдап, сахна шеберлеріне зор қошемет көрсетті.

image-18-07-26-10-24-3 image-18-07-26-10-24-1

Мейірімділік пен өнер үндескен кештің соңында Ақпәтер ауылдық округінің әкімі Төлеген Максимұлы сөз сөйледі. Ауыл басшысы игі бастамаға белсене атсалысқан мәдениет қызметкерлері мен өнерпаздарға, сондай-ақ ізгі шарадан шет қалмай, қолдау білдірген ауыл тұрғындарына шынайы алғысын жеткізді. Ол мұндай маңызды бастамалардың ел арасындағы бірлік пен өзара жанашырлықты нығайтудағы орны ерекше екенін атап өтті.

image-18-07-26-10-24

Көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған бұл концерт қайырымдылықтың қоғамдағы маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті.

Ернәсіл Рысқалиев,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале