19.07.2026, 10:30
Оқылды: 40

Диана Ержанова триатлоннан Еуропа кубогында алтын жеңіп алды

ҚР ҰОК мәліметінше, триатлоннан Қазақстан құрамасының спортшысы Диана Ержанова Румынияның Изворани қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

1784383069

Фото: ҚР ҰОК

Отандасымыз жарыс қашықтығын 35 минут 41 секундта жүріп өтіп, мәреге бірінші болып жетті. Күміс жүлдені румыниялық Тунде Кришан (35:48) иеленсе, қола медаль италиялық Элис Вентреге (35:50) бұйырды.

Қазақстандық спортшылардан Алуа Нұрмұхамет бесінші (36:03), Калерия Шнайдер алтыншы (36:07), ал Аида Ким тоғызыншы (36:13) орын алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале