20.07.2026, 17:00
Оқылды: 27

Қазақстанда жаңа тегін скрининг пайда болды: ол кімдерге арналған?

Қазақстанда скрининг жүргізу ережелері өзгерді. Денсаулық сақтау министрлігі ауруларды ерте анықтау үшін тегін тексеруден өте алатын адамдар тізімін кеңейтіп, скринингтің жаңа түрін қосты, деп хабарлайды TengriHealth тілшісі.

Blood sample tube for prostate specific antigen test analysis.

Сурет: istockphoto.com

Жаңа скринингтен кімдер өте алады

Денсаулық сақтау министрі "Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы" бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Тиісті құжатқа ведомство басшысы 2026 жылғы 10 шілдеде қол қойды.

Анықтама: Скрининг - бұл ауруды тиімді емдеу мақсатында оны ерте сатыда анықтау үшін жүргізілетін профилактикалық тексеру.

Басты жаңалықтардың бірі – скрининг бағдарламасына В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтау зерттеуінің енгізілуі болды.

 Бұйрыққа сәйкес, созылмалы В және С вирустық гепатиттері бойынша динамикалық бақылауда тұрмаған және жүктілігі бойынша есепте жоқ 18 жастан асқан ерлер мен әйелдер мұндай тексеруден өте алады.

Сонымен қатар бағдарламаға алғаш рет өкпе обырын ерте анықтау скринингі енгізілді.

Бұл дерт дүниежүзі бойынша онкологиялық аурулар арасында өлім-жітім көрсеткіші жағынан бірінші орында тұр және қатерлі ісіктен болатын өлімнің ең көп таралған себептерінің белгілі болған еді.

Анықтама: Әзірге бұл аурудан болатын өлім-жітімді азайтуға көмектесетін жалғыз скринингтік әдіс - төмен дозалы компьютерлік томография (ТДКТ).

Жаңа скрининг 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 немесе 70 жасқа толатын ерлер мен әйелдерге арналған.

Тексеруден өту құқығына 20 жыл және одан да көп уақыт бойы күніне бір қорап шылым шеккен – қазіргі шылымқорлар да, темекіден бас тартқанына 15 жылдан аз уақыт болған бұрынғы шылымқорлар да ие болады.

Сондай-ақ скрининг кейінгі он жыл ішінде Еңбек министрлігінің тиісті тізбесінде көрсетілген кәсіптер бойынша зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген адамдар үшін де қарастырылған.

Скринингтерді ұйымдастыру тәртібі қалай өзгереді?

Денсаулық сақтау министрлігі скринингтік зерттеулер жүргізудің ережелерін, көлемі мен мерзімділігін де жаңартты.

Енді ірі елдімекендерде қатерлі ісіктерді ерте анықтауға бағытталған тексерулер 30 мыңнан астам адам тіркелген емханалар базасында жүргізіледі.

Оларда орталықтандырылған скринингтік орталықтар мен тексеруден өту барысын қадағалайтын call-орталықтар құрылады.

Жұмыс берушілер не істеуге міндетті?

Бұйрықта жұмыс берушілердің міндеттері де еске салынған.

Олар нысаналы топтарға кіретін және ТМККК мен МӘМС шеңберінде тексеруден өтетін қызметкерлердің скринингтен өтуіне жағдай жасауы тиіс.

Сонымен қатар жұмыс берушілер Қазақстанның еңбек заңнамасына сәйкес, жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкерлерді жұмыс уақытында тексеруге кедергісіз жіберуге міндетті.

Естеріңізге сала кетейік, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық тексеруден өту үшін медициналық тексеруден өту үшін әлеуметтік демалыс беру ережелері өзгереді.

Негізгі жаңалықтар процесті цифрландырумен байланысты, оның тетіктерін қазіргі уақытта Еңбек министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп пысықтап жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале