20.07.2026, 15:30
Оқылды: 47

Ащысайлық кәсіпкер 1500 басқа арналған қаз фермасын іске қосты

Бүгінде мемлекет тарапынан ауыл кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған бағдарламалардың игілігін көріп отырған тұрғындар саны артып келеді. Соның бірі – «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Бұл жоба ауыл тұрғындарының табысын арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, отбасылық кәсіптің дамуына және ауылдағы экономикалық белсенділіктің күшеюіне мүмкіндік беруде.

image-20-07-26-02-22

Ащысай ауылының тұрғыны Диана Шалабаева мемлекеттік қолдаудың арқасында өз кәсібін бастап, ауылда еңбек етемін деген жастарға үлгі боларлық қадам жасады. Ол «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алып, «Шалабаева» жеке кәсіпкерлігі аясында 1500 басқа арналған қаз фермасын құру жобасын қолға алды. Десе де, құс шаруашылығының өзіндік жауапкершілігі мен қиыншылығы бар. Оған қарамастан Диана Бекетқызы алғашқы қаз балапандарын әкеліп, кәсібін бастап та кетті.

Бұл істі Диана жолдасымен бірге отбасылық кәсіп ретінде дамытуды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта шаруашылықты кеңейтіп, өнім көлемін арттыруды мақсат етеді.

image-20-07-26-02-22 (3)

Өз кәсібін бастаған жас кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаның ауыл тұрғындары үшін берері мол екенін атап өтті.

"Ауыл аманаты"бағдарламасы – ауылда тұрып еңбек етемін, кәсіп бастаймын деген жастарға үлкен қолдау. Осындай мүмкіндік берілгеніне қуаныштымын. Мен Ақтөбе өңірінің қызымын, осы ауылға келінмін.Жолдасым екеуміз қызметте болсақ та ақылдасып,бағдарламаға қатысуға ниет білдірдік.Әрине, құс шаруашылығы сырт көзге оңай көрінгенімен, ол күнделікті тынымсыз еңбекті, жауапкершілікті және үлкен күтімді талап етеді. Қаз балапандарын уақытылы азықтандыру, күтім жасау, олардың денсаулығын бақылау бәрі де ұқыптылықты қажет етеді. Бірақ еңбек еткен адам нәтижесін міндетті түрде көреді деп сенемін. Болашақта шаруашылығымызды кеңейтіп, ауыл экономикасының дамуына өз үлесімізді қоссақ деген ниетіміз бар", – дейді Диана Бекетқызы.

«Ауыл аманаты» жобасының мақсаты — ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, аграрлық бизнесті ілгерілету мәселелерін шешуге бағытталған. Осы бағытта

Диана Шалабаеваның бастамасы мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, туған ауылында адал еңбекпен табыс табуға ұмтылған жастардың жарқын үлгісі. Иә, адал еңбекпен кәсіп бастауда үлкен береке бар. Осындай еңбекқор жандардың қатары көбейген сайын ауылдың да әлеуеті артып, берекесі еселене түсері сөзсіз.

Айта кету керек, мұндай жобалар ауыл экономикасының дамуына, тұрғындардың табысын арттыруға және өңірдің аграрлық әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосуда.

 

Сара Әділ

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале