22.07.2026, 9:15
Оқылды: 30

Қазақстан өңірлерінде автобөлшектер өндірісі кеңейтілуде

Қазақстанда отандық қамтуды арттыруға баса назар аудара отырып, автобөлшектер өндірісін дамыту жандандырылуда. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.
5402433882273027258

Оның айтуынша, бүгінде бұл бағыт қарқынды дамып келеді. Отандық кәсіпорындар шиналар, қозғалтқыш бөлшектері, аккумуляторлар, автобусқа арналған металл бөлшектер, орындықтар мен мультимедиялық жүйелер шығаруды игерді.
«Одан бөлек, бамперлер, электр сымдары, доңғалақ дискілері және лак-бояу материалдарын шығаратын жаңа жобалар іске асырылуда. Осы бағытты дамыту үшін машина жасау және көлік мәселелері бойынша заң қабылданып, онда «өнеркәсіптік кластер» ұғымы енгізілді.

 

5402433882273027259

Қазіргі уақытта ең ірі өнеркәсіптік кластерлер Қостанай, Саран және Алматы қалаларында қалыптасқан», — деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале