21.07.2026, 18:00
Оқылды: 12

Электронды алаң аясында терминшілер байқауы өтеді

WhatsApp Image 2026-07-21 at 17.52.12

«Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электронды алаңының жұмысы аясында
ұйымдастырылатын терминшілер  байқауының

ЕРЕЖЕСІ

  1. Байқаудың мақсаты

1.1 Терминдердің мемлекеттік тілдегі қолданысын жүйелеу, қазақ тілінде термин қалыптастырудың ұтымды механизмін іздестіру, ұлттық сипаттағы терминдердің үлесін арттыру және кәсіби терминшілер легін қалыптастыру.

  1. Байқауды ұйымдастыру тәртібі

2.1. Байқаудың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі  Тіл саясаты комитеті.

2.2. Байқауды өткізу туралы хабарландыру 2026 жылдың І тоқсанында бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде постқа таргет жіберу  арқылы  жарияланады.

2.3 Байқау 2026 жылғы 20 сәуір – 22 қыркүйек аралығында өтеді.

2.4. Байқау бағыты бойынша тақырыптық шектеу қойылмайды, ғылымның барлық саласы қамтылады.

2.5. Байқауға қатысуға үміткер ұсынылған формаға өтінімін енгізеді және байқауға ұсынатын материалдарын №1 қосымшада берілген үлгіге сәйкес толтырып, PDF сипатында жүктейді. Электронды  формада  жауабының жазылғандығына көз жеткізеді («Жауап жазылды» деген сөйлем шыққанша күтеді).

Ескерту: жазылған жауапты қайтадан өңдеуге рұқсат етілмейді, сондықтан ұсынылатын материал жан-жақты ойластырылып, соңғы редакциясы  жолдануы  тиіс.

2.6. Өтінім және байқауға ұсынылатын жұмыстар 2026 жылдың 31 тамызына дейін қабылданады. Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған  материалдар  қабылданбайды.

  1. Байқауға ұсынылатын терминдерге қойылатын  талаптар:

– ұсынылатын терминдер саны – 5 термин;

– бұрын бекітілмеген кірме терминдердің ұлт тіліне  аударылып  берілуі;

– терминдердің  қолданыс  ықтималдығының  жоғарылығы;

– терминнің  лингвистикалық  нормаларға (лексикалық, грамматикалық, сөзжасамдық) сәйкестігі;

– терминнің қазақ халқының дүниетанымдық, мәдени  болмысын  танытуға уәжді  қызмет  етуі;

– термин дефинициясының толық берілуі, оның ғылымилығы мен дәлдігі;

– ұсынылған терминнің ықшамдылығы (сөз тіркестерімен емес, мүмкіндігінше жеке сөздерден
жасалуы) мен мағыналық дәлдігі;

– терминнің саласы, суреті немесе формуласы, сұлбасы (бар  болған  жағдайда) қоса берілуі.

  1. Байқауға қатысу тәртібі

4.1. Байқауға терминтанушылар, білім беру саласының қызметкерлері, жоғары оқу орнының оқытушылары, докторанттар мен магистранттар, студенттер, тіл жанашырлары және жасы 18-ден асқан азаматтар қатыса  алады

Ескерту: бұған дейін ұйымдастырылған терминшілер байқауларының жүлдегерлерінің өтінімі қабылданбайды.

4.2. Өтінімді жібергеннен кейін байқауға қатысушы «Теrmincоm.kz» сайтындағы «Алаң» айдарына https://termincom.kz/alan тіркеледі және ондағы сайт пайдаланушылары талқыға салған, баламасы табылмаған, даулы терминдер бойынша сауалдарына өзіндік сараптама жасап, ұсыныс, пікірін қалдыруға болады. Бұл жұмыс байқаудың қорытынды кезеңінде, мысалы, қатысушылардың ұпайы тең түскен немесе дау туындаған жағдайда қосымша  ұпай  ретінде  қосылуы  мүмкін.

4.3. Байқауға қатысушы үміткерлер Тermincom.kz сайтында бекітілмеген, ұлттық сипаттағы терминдер  ұсынады.

Ұсынылатын термин саны – 5  термин.

Өтінім және байқауға материал жіберуге арналған сілтеме:

https://forms.gle/ZYg4AA3R2AqvY9Vb7

  1. Байқау материалдарын бағалау және  қорытындылау  тәртібі 5.1. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін филология, сала мамандары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділерінен (бес адам) қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасы байқауға ұсынылған жұмыстарды тексеріп, бағалайды және оны электронды кестедегі үміткердің (аты-жөні көрсетілмейді) кодтық нөмірінің тұсына енгізеді.

5.2.1. Байқау материалдары осы ереженің 3-пунктінде көрсетілген талаптардың орындалуы бойынша әрбіртермин 0≤10 ұпай  жүйесімен  бағаланады.

5.2.2. Байқаудың қорытынды нәтижесі әр үміткердің жұмысына қазылар алқасы берген ұпай санының жиынтығымен  анықталады.

5.2.3. Байқауға қабылданған құжаттар кері қайтарылмайды  және  түсініктеме  берілмейді.

5.3. Байқаудың жүлде қоры

Бас жүлде – 250 000 (екі жүз елу мың) теңге.

I орын – 150 000 (жүз елу мың) теңге.

II орын – 100 000 (жүз мың) теңге.

III орын – екі жеңімпаздың әрқайсысына 70 000 (жетпіс мың) теңге.

Ынталандыру сыйлығы – төрт жеңімпаздың әрқайсысына 25 000 (жиырма бес мың) теңге.

5.3.1. Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында офлайн /онлайн өткізіледі.

5.3.2. Жеңімпаздардың жол, тәуліктік және қонақүйге орналасу шығыны ұйымдастырушылар тарапынан төленеді. Қажеттілікке қарай көлік қызметімен қамтамасыз етіледі.

5.4. Байқау жеңімпаздарының ғылым докторы, ғылым кандидаты, PhD, магистр сияқты дәрежеле-
рі (кез келген сала бойынша) болған жағдайда «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Терминология бөлімінің сараптамалық-лингвистикалық талдау, контент толтыру, мониторинг жүргізу т.б. іс-шараларына Шарт жасасу негізінде  ақылы  қызметке  тартылады.

5.5. Қазылар алқасының шешімімен ұтымды деп танылған терминдер республикалық терминология комиссиясына ұсынылады. Комиссия терминді бекіткен жағдайда «Termincom.kz» cайтындағы «Қазақ терминологиясы мазмұны мен құрылымы» электронды алаңына орналастырылады және ауторлық термин ретінде «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының әлеуметтік желілерінде таныстырылып, насихатталады.

Абай оқулары  облыстық  байқауының ережесі

  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже «Абай оқулары» облыстық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

1.2. Байқаудың мақсаты – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын насихаттау, шығармашылығын заманауи сипатта дәріптеу, шығармашылық бастамаларды қолдау және қашықтан қатысу мүмкіндігін  кеңейту.

1.3. Байқаудың міндеттері:

– Абай шығармаларын кеңінен насихаттау;

– шығармашылық және креативті жұмыстарды қолдау;

– заманауи цифрлық сипаттар арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

1.4. Байқау мемлекеттік тілде  және қашықтық сипатта өткізіледі.

1.5. Байқаудың ережесіне сай аталмыш сайысқа 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

  1. Байқауды ұйымдастыру

2.1. Байқаудың ұйымдастырушысы Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.

2.2. Байқау Орал қаласында 2026 жылдың тамыз айында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді, өтетін күні мен  орны  қосымша  хабарланады.

 

  1. Байқауды өткізу тәртібі

3.1. Байқауға қатысушылар «Абай әлемі» атты қысқа бейнеролик ұсынуы тиіс:

І. Абайдың қара сөзін немесе шығармаларынан үзіндіні жасанды интеллектіні пайдалана отырып, көркем бейнеролик ұсыну;

3.2. Байқауға қатысу үшін бейнероликтер ағымдағы жылдың 15 маусымынан бастап 25 шілдеге дейін Instagram әлеуметтік  желісінде  жариялануы  тиіс.

3.3. Байқауға қатысушылар Instagram әлеуметтік желісінде бейнеролик орналастырылған сілтемені sa.kaderova@bko.gov.kz электронды поштасына жолдау қажет.

Электронды поштаға жіберілгенде келесі мәліметтер  көрсетілуі  қажет:

- қатысушының аты-жөні;

- қала немесе аудан;

- оқу немесе жұмыс орны;

- жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны (болған жағдайда).

3.4. Instagram желісінде жариялаған профиль міндетті  түрде  ашық  болуы  тиіс.

  1. Бейнероликке қойылатын талаптар

4.1. Бейнероликке мынандай талаптар қойылады:

1) ұзақтығы 2 минуттан 3 минутқа дейін;

2) контент қазақ тілінде болуы тиіс;

3) материал әлеуметтік желілерде ашық қолжетімді болуы  қажет;

4) дыбысы сапалы, бейнесі анық және ауторлық мазмұнда  ұсынылуы қажет.

4.2. Монтаж жасауға, музыкалық сүйемелдеуге, визуалды эффектілер қолдануға  рұқсат  етіледі.

4.3. Байқауға ұсынылған материалдар әлеуметтік желілерде және ұйымдастырушылардың интернет-ресурстарында  жариялануы  мүмкін.

  1. Қорытынды ережелер

5.1. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.

5.2. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау  кезінде  төмендегі  талаптарды  ескереді:

– жарияланған  бейнероликтің  сапасы;

– уақытқа  қойылған  талаптың сақталуы;

5.3. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы диплом және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.

5.4. Барлық қатысушылар электронды алғысхаттармен марапатталады.

090000, Орал қаласы, Хамит Чурин көшесі, 116, Батыс  Қазақстан  облысының мәдениет, тілдерді  дамыту және архив ісі  басқармасы.

Байланыс телефоны: 8 (7112) 50-74-66.

Республикалық «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» байқауының облыстық кезеңіне өтінім қабылдау басталды!

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдегі жарнама мәтіндерін сауатты рәсімдеуді насихаттау, тіл заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету және осы бағытта белсенділік танытып жүрген кәсіпкерлер мен азаматтарды қолдау.

Өтінім қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 20 шілдеге дейін. Байқауға кәсіпкерлік субъектілері, квазимемлекеттік сектор өкілдері, тауар өндірушілер және жарнама мәтіндерін түзету жұмыстарына үлес қосып жүрген азаматтар қатыса  алады.

Қосымша ақпарат:    +7 778 188 74 29,    +7 702 952 72 70,    8 (7112) 50-74-66

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале