22.07.2026, 23:30
Оқылды: 5

Бәйтерек аудандық ветеринариялық стансасына жаңа басшы тағайындалды

Бәйтерек аудандық ветеринариялық стансасы директорының міндетін атқарушы лауазымына Талғат Исқаев тағайындалды.

image-22-07-26-11-34

Аудан әкімдігінде өткен жиында жаңа басшыны Батыс Қазақстан облыстық ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиев көпшілікке таныстырды. Басқарма басшысы Талғат Маратұлының жауапты қызметіне сәттілік тілеп, саладағы мамандарға ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды сапалы әрі уақтылы орындауды тапсырды.

InShot_20260722_234749074

​Талғат Исқаев 1981 жылы Ақжайық ауданында дүниеге келген. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ды «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Ақтөбе облысында бастап, 2006 жылдан бері Батыс Қазақстан облысында қызмет етіп келеді. 2023 жылдан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекциясында шекара маңы бекеттерін бақылау бөлімінің басшысы міндетін атқарған.

​Мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам еңбек өтілі бар Талғат Маратұлы ветеринариялық бақылау мен қадағалау саласында мол тәжірибе жинақтаған.

Отбасылы, бес бала тәрбиелеп отыр.

Гүлжаз Баделова, 

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале